Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да интернет-алаяқтықтың 300-дей фактісі тіркелді

Алаяқтарға сеніп ақшасынан айырылып қалып жатқандар көп

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да интернет-алаяқтықтың 300-дей фактісі тіркелді
Фото:
Устинка LIVE

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері артып, схеманың күрделене түскенін айтады деп хабарлайды Устинка LIVE.

Өскемен қалалық полиция басқармасының ақпараттарына сүйенсек, ағымдағы жылдың басынан бастап облыс аумағында интернет-алаяқтықтың шамамен 300-дей фактісі тіркелді. Оның 80%-ы облыс және республика аумағынан тыс жерден жасалған кибершабуылдар.

Алаяқтар әсіресе ОЛХ, Колеса, Крыша сияқты сайттар және әлеуметтік желілерде тауарға немесе қызметке алдын ала төлем алу арқылы жымысқы әрекеттерін әлі де оңай іске асыруда. Сонымен қатар, "банк қызметкерлері" атынан қоңырау шалып, адамдардың аттарынан несие рәсімдеу немесе есепшотындағы жинақтарды алып алу тәсілі де кең қолданылады. Сонымен қатар, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері деп таныстырып, жақынының басына қауіп төніп тұрғанын және оны шешу үшін қаржы талап ететін фактілер де жетерлік, - дейді Өскемен қаласы полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция майоры Азамат Рахадылов.

Полиция қызметкерлері алаяқтардың құрбаны болмау үшін сақ болуды ескертеді.

Негізі, естеріңізде болсын, банк қызметкерлері, тіпті банк қауіпсіздігінің қызметкерлері ешқашан өз клиенттеріне қоңырау шалмайды. Сонымен қатар, ешкімге және ешбір жағдайда жеке деректерді беруге болмайды: ЖСН, карта нөмірлерін, пин-кодтар мен СМС-тер және де картаның ішкі жағындағы 3 таңбалы нөмірді. 2 аптада бір рет мобильді банкингтегі кодттар мен карта ПИН-кодтарын өзгертіп отырыңыз, - деді Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Орал Рысбаев.

Қазіргі уақытта Полиция департаментінде интернет-алаяқтықты ашу және тергеу жөніндегі арнайы топ жұмыс жасауда, сондай-ақ осы айда "Бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін "Киберпол" тобын ашу жоспарлануда. Алаяқтар қоңырау шалған болса, ең бастысы сабыр сақтап, күмәнді қоңыраулар мен СМС келіп түскен нөмірлерді бұғаттап, дереу 102 арнасына хабарлаңыз.

Құқықбұзушылықтардың осы түрлерімен күресу және қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында полиция қызметкерлері халықтың барлық топтарымен тұрақты негізде профилактикалық жұмыстарды жүргізуде.

Следующая →