ШҚО-да енді ерте жастан қолдау педагогтарын даярлайтын болады
Қазіргі таңда Қазақстанда 0-ден 3 жасқа дейінгі балалардың ерте жастан даму педагогтары мен эрго-педагогтары жетіспейді
Енді Шығыс Қазақстанда инклюзивті білім беру саласында сұранысқа ие мамандықтарды оқытатын болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Аймақта қазіргі уақытта инклюзивті орта мамандарын тек С. Аманжолов атындағы ШҚУ дайындайды. Биыл «Ерте жастан қолдау педагогикасы» мамандарын даярлауды бастайды.
Статистикаға сүйенсек, жаңа туған нәрестелердің тек 2%-нда түрлі ауытқушылық анықталады. Тек 8-9 жаста ондай балалардың саны 10%-ға дейін артады. Бұл дегеніміз балалардың 8%-ында ерте жасынан кемістікті ешкім байқай алмаған және қажетті көмек көрсетілмеген, - дейді Дүниежүзілік банк қаржыландыратын «ҚР Педагогикалық білім беруді жаңғырту» жобасы аясында ЖОО-дары педагогикалық әзірлеушілер командасының жетекшісі Светлана Стельмах.
Екінші сұранысқа ие мамандық – эрго-педагогика церебралды сал ауруы және тірек-қимыл аппаратының басқа да бұзылуы бар балалармен жұмыс істеуге бағытталған. «Эрго-педагогика» түлектері даму ерекшеліктері бар баланың іс-әрекетін дамыту бағдарламаларын әзірлеумен және жүргізумен айналысады.
Алайда біздің елде бейімдік дене шынықтыру мамандары оқытылмайды. Сондықтан біз «Эрго-педагогика» бағдарламасына үлкен бір модульді енгіздік. Болашақта эрго-педагог түлектеріміз бұл жоқтың орынын толтыра алады деген сенімдемін, - деп атап өтті Светлана Стельмах.
ШҚУ-да «ҚР педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 оқу жылынан бастап оннан астам білім беру бағдарламасы енгізілетінін айта кетейік.