Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде жеті адам шаурмадан уланған

Ағымдағы жылдың бес айы ішінде бір күнде бірден жеті адам тамақтан уланып қалған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде жеті адам шаурмадан уланған
Фото:
depositphotos.com

18 мамыр күні Өскемен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына түске дейін уланған 7 адам жүгінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО СЭБД басшысының орынбасары Ғалымбек Алиннің ақпаратына сүйеніп.

Жеті пациентте де бірдей белгілер болған: әлсіздік, құсу, бас айналу, іш, бас ауруы, іш өту, бір адамның дене қызуы 37-38 градусқа дейін көтерілген. Клиникалық тексерістен кейін барлығына да "Тағамдық уытты инфекция" диагнозы қойылды. Қазіргі таңда пациенттердің барлығы ауруханадан шығарылған, - дейді Ғалымбек Алин.

Эпидемиологиялық тексерістің нәтижесінде бұл жеті адамның барлығы Өскемен қаласы, Чехов көшесі, 31 мекенжайында орналасқан «BigBro» тез тамақтану орнындағы шаурмадан уланғаны анықталды.

Сол күні-ақ нысанда жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тез тамақтану орнына шикізатты кәсіп иесі өздері жеңіл көлікпен жеткізіп отыратыны анықталды. Азық-түлік тасымалдау шарты сақталмаған, қауіпсіздігіне кепілдік беретін құжаты жоқ. Шикізатты тоңазытқышта сақтау ережелері сақталмайды, тоңазытқыш үстел температураны өлшеу құралымен жабдықталмаған. Азық-түлік қалдықтары тексеріс нәтижелері шықпай тұрып тәркіленді. Азық-түлік тауарларына жүргізілген микробиологиялық зерттеу нәтижесінде шаурмадан стафилококк (S. aureus 2*103 KOE/г) анықталды, - деді мекеме басшысының орынбасары.

Одан өзге тексеріс кезінде санитарлық талаптың 14 пункті бұзылғаны да белгілі болып отыр.

Следующая →