Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Өскемен-Алтай" тас жолының бойында көлік өртенді

Жол үстінде келе жатқан дүк көлігінің мотор бөлігінде өрт шыққан

Усть-Каменогорск и ВКО / "Өскемен-Алтай" тас жолының бойында көлік өртенді
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды өшірді, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.

"Өскемен-Алтай" тас жолының 109-шы шақырымында келе жатқан Газель маркалы автокөлігінің мотор бөлшектері, аспаптар панелі, салон қаптамасы, доңғалақ шиналары өртенді. Өрт аумағы 10 ш.м.Өрттің алдын - ала себебі-қауіптілігі жоғары қондырғыны абайсыз пайдалану. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын еске салады:

- Машинаның техникалық жағдайын мұқият қадағалаңыз, уақытында техникалық тексерістен өткізіңіз.

- Көлігіңіз гаражда тұрса, оңай жанатын заттарды – жиһазды, жанармай (20 литрден астам) және майды (5 литрден астам) сақтауға болмайды.

- Гараж боксының жанында құрғақ шөпті өртеуге жол бермеңіз.

ШҚО ТЖД мамандары автокөліктегі өрт кезінде дүрбелеңге түспеуге және келесі әрекет алгоритмін ұстануға кеңес берді:

1. Егер жолда болсаңыз, көлікті тоқтатыңыз, жолаушыларды түсіріңіз және салоннан шығыңыз, құжаттар мен өрт сөндіргішті алыңыз.

2. Егер жанармай багының жанынан өрт шықса, қауіпсіз қашықтыққа қашып, бөгде адамдарға қауіп туралы ескертуіңіз керек. 101 ил 112 нөміріне қоңырау шалып, өрт сөндірушілердішақырыңыз.

3. Капот асты тұтанса, өрт сөндіргіш немесе басқа да құралдардың көмегімен өртті сөндіруге тырысыңыз. Капотты өте сақтықпен ашу керек, өйткені ауа ағыны жалынды күшейтуі мүмкін.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Автокөлік өрті