Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлан ауданында мал ұрлаумен айналысқан азамат ұсталды

Ұлан тұрғыны ұзақ уақыт бойы осы заңсыз іспен нәпақа тауып келген

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлан ауданында мал ұрлаумен айналысқан азамат ұсталды
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Ол осы уақытқа дейін 33 бас мал ұрлаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

ШҚО полицейлері облыс прокуратурасымен бірлесе отырып мал ұрлаумен айналысқан азаматты ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының аумағында ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан жергілікті тұрғынды құрықтады, - делінген хабарламада. - Осы азаматтың Ұлан ауданының аумағында 2023 жылы жасаған мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар екені анықталды.

Ұрланған малдың жалпы саны 33 бас.

Ұрланған мал Алматы облысындағы мал базарларының бірінен алынып, иесіне қайтарылды. Материалдық залал толығымен өтелді.

Күдікті ұсталып ҚР ҚПК-ның 128-бабы бойынша Ұлан ауданы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Следующая →