Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде өзге ұлт өкілдері арасында байқау жарияланды

Облыс орталығындағы этнос өкілдері арасында "Мен қазақша сөйлеймін" акциясы жарияланды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде өзге ұлт өкілдері арасында байқау жарияланды
Фото:
редакция мұрағатынан

Байқау жеңімпаздарын әлеуметтік желіде дауыс беру арқылы халық таңдайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ақпаратына сүйеніп.

Байқау Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орайластырылып отыр.

Байқауға қатысушыларға екі тақырып беріледі. Бірі - Жеңістің 78 жылдығына орай 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан халық қаһармандары туралы қазақ тілінде прозалық немесе поэзиялық шығарма оқу. Екіншісі - соғысқа қатысқан және тылда еңбек еткен ата-әжесі немесе өздері танитын басқа да ардагерлер туралы эссе, немесе өлең жазу. Осы екі тапсырманың өзі қалаған біреуін орындап (ұзақтығы 2,5 минуттан аспауы тиіс), әлеуметтік желіде (facebook) #біздіңқаһармандарменқазақшасөйлеймін2023 хештегімен кеңінен таратуы тиіс, - делінген байқау шартында.

Байқау жеңімпаздары бейнематериал астындағы "лүпіл" (лайк) саны бойынша анықталады. Жарияланымның астында міндетті түрде шығарманың атауы, қатысушы жайлы ақпарат (аты-жөн, ұлты, мектебі, оқу орны немесе жұмыс орны, байланыс нөмірі) көрсетілуі тиіс. Толық ақпарат алу үшін 8 707 4949883 нөміріне хабарласуға болады.

Следующая →