Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде жалған нөмірмен жүрген Lexus көлігі 46 рет ереже бұзған

Одан өзге, көліктің жол жүру ережесін бұзу бойынша 3 млн теңге айыппұлы бар болып шықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде жалған нөмірмен жүрген Lexus көлігі 46 рет ереже бұзған
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

19 мамырда "Буран - 23" экипажы "Қорғау-Сергек" АБК базасы бойынша тексеру кезінде "Қауіпті жүргізуші" қосымшасы бойынша Lexus маркалы автокөлігін байқаған. Ол жол жүрісі қағидасын бірнеше рет бұза отырып, Сәтпаев даңғылында жоғары жылдамдықпен жүрген.

Сонымен қатар, полицейлер бұл көлікке 46 рет жалпы сомасы 2 млн 287 мың теңгеге айыппұл салынғанын анықтады.

Сол күні тәртіп сақшылары ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен ЖМК ауданындағы үйлердің бірінің ауласында мемлекеттік нөмірлері алынған автокөлікті тапқан, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарламасында. - Тексеру барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қаланың 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру кезінде азаматтың көлікке жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққаны анықталды.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-ның 590-бабының 2, 3 және 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта материал сотқа жолданды.

Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.

Следующая →