Салғырттық салдарынан Өскеменде пәтерде өрт шықты
Бүгін Өскемен қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 12-қабаттағы пәтерден өрт шықты
Өрт салдарынан екі бала улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 мамыр күні таңертең ШҚО ТЖД "101" қызметіне Славский атындағы жағалау көшесінде 12-қабаттағы пәтерде өрт шыққандығы туралы қоңырау келіп түсті, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Оқиға орнына жедел келген ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесінің мамандары пәтердің терезесінен қалың қою түтін мен ашық жалынның шығып жатқанын көрді. Бірінші кезекте өрт сөндірушілер пәтерлерді барлауға және зардап шеккендердің бар-жоғын тексеруге кірісті. Нәтижесінде 9 тұрғын баспалдақпен құтқарылды, оның 4-еуі балалар. Сонымен қатар, 12-қабатқа дейін автосаты арқылы шығып, өртті сөндіруге кірісті.
Өртті сөндіруге 35 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Өрт алаңы 50 шаршы метр.
Белгілі болғандай, пәтер иесі өрт шыққанда өзі шығып үлгерген және көршілерінен көмек сұраған. Көршілері өрт сөндіру қызметін шақыртқан, - делінген хабарламада. - Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, отпен абайсызда жұмыс істеу.
Апаттар медицинасы орталығы мен жедел жәрдем дәрігерлерінің қарауынан кейін 2009 жіне 2014 жылғы екі балада иіс тию белгілері байқалғандықтан ауруханаға жатқызған.