Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Көлік салығын 26 991 адам төлемесе, мүлік салығын төлемегендер 7347 адам
Бұл ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өңірдегі мүлік және көлік салығын төлемегендерге ескерту жіберіп жатыр.
Жалпы облыс бойынша 7347 адамның мүлік салығы бойынша 9,5 млн теңгеге жуық берешегі бар. Ал 25 991 адамның көлік салығы бойынша мемлекетке 680 млн теңгеге жуық қарызы бар.
Мүлік салығының шот-фактуралары салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей беріледі. Сәйкесінше, салық 1 қазаннан кешіктірмей төленуі тиіс. Көлік салығы болса 1 сәуірден кешіктірмей төленуі керек. Салық берешегін е-Salyk Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексеріп білуге болады, - делінген ақпаратта.