Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +33°
$
477.15
+2.58
522.43
+8.80
¥
66.94
+1.07
5.63
+0.10
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ға медициналық пойыз келеді

"Жәрдем" мамандандырылған медициналық пойызы шалғай ауылдарға бармақ

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ға медициналық пойыз келеді
Фото:
ашық дереккөзден

Шалғай ауылдың тұрғындары білікті мамандардың тексеруінен тегін өте алады, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.

"Жәрдем" мамандандырылған медициналық пойызы заманауи диагностикалық жабдықтармен, шағын зертханамен жабдықталған.

Тұрғындарды терапевт, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, хирург, уролог, маммолог, педиатр және психолог мамандар қабылдайтын болады.


Медициналық пойыздың жүру кестесі төмендегідей:
Тишинская - 27 мамырдан 28 мамырға дейін;
Ермаковка - 29 мамыр;
Тау самалы – 29 мамырдан 31 мамырға дейін;
Алтай - 31 мамырдан 2 маусымға дейін;
Күмістау - 2-4 маусым аралығында.

Айта кетейік, биыл жобаға медиаторлар мен заңгерлер алғаш рет медиативтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету үшін тартылған болатын. Бұдан басқа, кез келген адам мемлекеттік әлеуметтік қолдау, зейнетақылар, жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік заңнамадағы өзгерістер мәселелері бойынша кеңес ала алады.

25-26 мамырда Глубокое кентіндегі Ертіс зауыты стансасында заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УДЗ, флюорография және т.б.), шағын операциялық бөлмемен, зертханамен жабдықталған "Жәрдем" медициналық пойызы жұмыс істейтін болады, - делінген Глубокое ауданының әкімдігі ақпаратында.

Пойыздың жұмыс уақыты үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Тұрғындардың өздерімен бірге жеке куәлігі болуы қажет және әрқайсысы кезек тәртібімен қабылданады.

Следующая →