Өскеменде Отбасы күніне арналған фестиваль өтеді
Қазақстандықтар 2013 жылдан бері 15 мамырда Халықаралық Отбасы күнін атап өтіп келеді
Облыс орталығында ертең осы атаулы күнге орай отбасылық фестиваль өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қалалық әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 13 мамыр күні сағат 11.00-де қаланың сол жағалау кешенінде (Этнопарк) Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарланған.
"Отан отбасынан басталады" тақырыбы аясындағы фестивальда отбасылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама, спорттық отбасылық эстафеталар, қолөнершілер жәрмеңкесі, қолдан жасалған ойыншықтар мен кәдесыйлар сатылымы, Өскемен қаласының көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілері салған суреттер көрмесі өтеді, - делінген хабарламада.
Осы орайда Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарын Отбасы күнін бірге тойлауға шақырады.