Бұқтырма қоймасындағы су тартылып келеді
Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде жариялаған болатын
Ертіс бассейндік инспекциясы бұл мәселені жоққа шығармады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы жыл сайын тартылып келеді. Бұны байқаған халық әлеуметтік желіде фотосуреттер таратқан болатын.
Осы мәселеге орай Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясынан жауап берді.
Бұқтырма су қоймасында 2020 жылдан бастап су азайып келеді. Жыл сайын су деңгейі шамамен 10 пайызға төмендеуде. Бұл табиғи құбылыс. Әзірге судың азаюы балық қырылуына әкеліп соғып жатқан жоқ. Бірақ егер су деңгейі осылай төмендей берсе, оның салдары болады, - дейді инспекция басшысының міндетін атқарушы Ернар Мәдиев.
Оның айтуынша, биылғы қыс қарлы болды. Алайда соған қарамастан су қоймасында су деңгейі төмендеп кеткен.