ШҚО-дағы медициналық мекемеге жүргізілген тексеріс заңсыз болып шықты
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаменті орталықта тексеріс жүргізген
Оған тұрғындардың бірінің шағымы себеп болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО сотының ақпаратына сүйеніп.
Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, "Репродуктивті медицина орталығы" ЖШС Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің тексеруін жарамсыз деп тану және тексеруді тағайындау туралы актінің күшін жою туралы арызбен сотқа жүгінді.
Белгілі болғандай, аталған департаментке медициналық мекеме пациенттерінің бірі шағым түсірген. Ол экстракорпоральды ұрықтандыру жасатқан, бірақ бала көтермеген. Осы шағымнан соң департамент тексеру жүргізбек болды.
ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 "Қазақстан Республикасында тексерулерге және барлаумен профилактикалық бақылау мен қадағалауға мораторий енгізу туралы" Жарлығына сәйкес, департаменттің тексеру тағайындауға құқығы жоқ. Себебі пациент шағымы медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты болғанмен, халықтың өмірі мен денсаулығына жаппай қауіп төндіретін бұзушылықтар туралы емес. Талапкер коммерциялық негізде медициналық қызмет көрсетеді, әлемдік тәжірибе бойынша ЭКҰ процедурасы 30-40% жағдайда ғана оң нәтиже береді, - делінген ақпаратта.
Сот Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің медициналық мекемеге тексеруін жарамсыз деп тану және тексеруді тағайындау туралы актінің күшін жою туралы шешім шығарды.