Зайсандықтар Азия чемпионатында жеті жүлдені қанжығалады
Жақында Қырғызстанда 15 мемлекеттің қатысуымен Азия чемпионаты өтті
550 спортшы бақ сынасқан гір көтеру додасында зайсандықтар да оза шапты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Зайсан ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
Зайсан ауданындағы "Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің" жас буын спортшылары үздік нәтиже көрсетті.
68 кг салмақ дәрежесінде Дулат Еркешов 16 келі гір тасын 227 мәрте жұлқа көтеріп Азия чемпионы атанды, - делінген аудан әкімдігі жариялаған ақпаратта. - Сондай-ақ, ересектер арасында 68 кг салмақ дәрежесінде 24х24 кг гір тасын 80 мәрте ұзын айналымды көтерген Ернұр Қайрат та алтыннан алқа тығынды. Ол осымен үш дүркін Азия чемпионы атанып отыр. +105 кг салмақ дәрежесінде ұзын айналымды көтеруден Қуаныш Қыдырпатша төртінші алтынын осы жарыста алды. Ал екінші күні жұлқа көтеруден 32 келі гір тасын 177 мәрте көтеріп, қола медальға ие болды.
Жалпы Зайсан ауданы спортшылары барлығы 7 медаль қанжығалады (3 алтын, 2 күміс, 2 қола).