ШҚО-дағы 17 ардагерге 1,5 млн теңгеден беріледі
Өңірде 8 мыңға жуық ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар, тыл ардагерлері бар
Оның ішінде 17-сі Ұлы Отан соғысы ардагері, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ақпаратына сүйеніп.
Басқарма басшысының орынбасары Досжан Қайырғазиновтың айтуынша, облыста марапатталған 113 тыл ардагері, марапатталмаған 5601 тыл ардагері, сондай-ақ ҰОС ардагерлеріне теңестірілген және мүгедек 2153 адам бар. Олардың барлығына да Жеңіс күніне орай қаржылай бір реттік қолдау көрсетілген.
ҰОС ардагерлеріне 1 млн 500 мың теңгеден, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген және мүгедек жандарға 100 мың теңгеден, марапаты бар тыл ардагерлеріне де 100 мың теңгеден үлестірілген, - дейді Досжан Қайырғазинов.
Сонымен қатар, марапаты жоқ тыл ардагерлері де 50 мың теңгеден алған. Сонымен бюджеттен 9 мамырға орай 521 млн 220 мың теңге бөлінген.