Өскемен
пасмурно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -6°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
511.22
540.05
¥
70.61
4.73
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО кардиохирургтары жүрек клапанын кеспей ауыстыру бойынша 38 рет ота жасаған

Осылайша үш жыл ішінде жүрегіне ашық ота жасауға келмейтін 38 адамның өмірін аман алып қалды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО кардиохирургтары жүрек клапанын кеспей ауыстыру бойынша 38 рет ота жасаған
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының эндоваскулярлық хирургия және интервенциялық кардиология бөлімшесінің дәрігерлері интервенциялық кардиологияны дамытуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп. Бұл бөлімше Өскемен қаласы бойынша және жалпы өңірде жіті коронарлық синдромы (жіті инфаркт, тұрақсыз стенокардия) бар науқастарға көмек көрсету жөніндегі негізгі ургентті бөлімше болып табылады.

Бөлімше аптасына 7 күн, жылына 365 күн шұғыл тәулік бойы жұмыс істейді, жүрек пен қан тамырларына – қолқаға, ұйқы және бүйрек артерияларына, жоғарғы және төменгі аяқ артерияларына, ми тамырларына операция жасайды. Мұнда әртүрлі кардиостимуляторлар орнатылады.

Мұнда жоғары технологияларды игеруге үлкен көңіл бөлінеді, жыл сайын хирургиялық араласулардың саны мен күрделілігі артады. Жақында ғана өңір үшін ғана емес, жалпы Қазақстан үшін де сирек кездесетін операциялар дәрігерлер үшін әдеттегідей болды деп айтуға болады.

Бізге ауруханаға ауыр қолқа стенозы бар науқастар жиі келеді. Бұл жағдай клапан аймағындағы қолқа саңылауын тарылтады. Бұл жағдай адамның өміріне тікелей қауіп төндіреді, жүрек кез келген минутта тоқтап қалуы мүмкін. Соңғы уақытқа дейін ауыр қолқа стенозын емдеудің жалғыз әдісі болды - жасанды протезбен қолқа қақпағын ашық түрде ауыстыру. Бұл күрделі операция. Өкінішке қарай, операция кезінде және одан кейін асқыну лар туындауына байланысты ауыр ілеспелі аурулары бар көптеген егде жастағы науқастарға бұл әдіс қауіпті, - дейді эндоваскулярлық хирург, ШҚОА бас дәрігердің медициналық бөлімі жөніндегі орынбасары Қуатжан Абишов.

Төртінші жыл Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында Tavi-аорталық қақпақшаны транскатетерлік имплантациялау тәжірибесі қолданылып келеді. Санның кішкене кесіндісі арқылы артерияға катетер (ұзын, икемді түтік) енгізіледі, ол арқылы жасанды клапан қажетті жерге – өзінің жұмыс істемейтін қолқа клапанының ішіне жеткізіледі. Онда протез орнатылады, ол ашылады және толық жұмыс істей бастайды.

Жақында 82 жастағы науқас Эдуард Пекаторостың жүрегіне жабық ота жасалды. Науқасқа ауыр қолқа стенозы диагнозы қойылды. Жасына байланысты ашық операцияныжасауға болмады. Сонымен қатар, көптеген ілеспе аурулары болды, соның ішінде жүрек аритмиясы, анамнезінде инфаркт. Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының эндоваскулярлық хирургтары, кардиохирургтары, анестезиологтарынан тұратын команда бір жарым сағатқа жуық уақыт бойы ер адамның төс сүйегін кепей және қан айналымы тоқтатылмай жасанды клапан орнатты, - деп еске алды Қуатжан Абишов.

Айта кету керек, 2020 жылдан бастап бөлімше осы әдіс арқылы 38 адамның өмірін құтқарды. Барлық науқастардың жасы 70 пен 86 аралығында.

Айта кеткен жөн, бұл жоғары технологиялық, қымбат операция. Барлық пациенттер үшін ол МӘМС қаражаты есебінен тегін жүргізіледі.

Следующая →