Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі О. Бөкей атындағы кітапханада енді өзінің кинотеатры бар

Кітапхана кинотеатрында тарихи көркем фильмдер көрсетіліп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі О. Бөкей атындағы кітапханада енді өзінің кинотеатры бар
Фото:
автордікі

Бүгін үлкен экранды пайдалана отырып кітапхана қызметкерлері оқушылар үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 78 жылдығына арналған киносабақ өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Айта кетейік, кітапханаға үлкен экранды орнатуға "Казцинк" ЖШС демеушілік көрсеткен. Ал алғашқы апталыққа Өскемен қаласының әкімдігі қолдау көрсетіп отыр.

Қазір жастардың барлығы заманауи технологияларға тәуелді. Осыған дейін де біздің кітапхана көптеген технологиялар, жаңашылдықтары арқылы өз оқырмандарын қуантқан болатын. Ал осы ретте "Казцинк" ЖШС демеушілігімен кітапханамызға үлкен экран алғызып, өзіміздің кинотеатрымызды аштық. Ашыла сала жастардың патриоттық сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін мерекеге орай қазақ фильмдерінің апталығын ұсынып отырмыз. Бұл жерде "Қыз Жібек", "Жаужүрек мың бала", "Қазақ хандығы", "Құнанбай" сияқты рухани азық боларлық кинолар көрсетілуде.Сонымен қатар, қосымша кітап көрмесі ұйымдастырылуда, - дейді О. Бөкей атындағы қалалық кітапхана қызметкері Таңнұр Башай.

Осылайша кино арқылы оқырманның кітапқа деген қызығушылығын ояту көзделген. Яғни, киноны көрген адам сол шығармаларды түпнұсқадан - кітаптан оқи алады.

Әдетте кинотеатрға ақша төлеп баратын болсаңыз, бұнда тегін көруге мүмкіндік бар. Осы себепті де ашылғанына бір-екі күн болса да қазір кітапхана кинотеатры сұранысқа ие.

Бүгін қала мектептерінің оқушылары Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 78 жылдығына арналған киносабақ өтті. Мұнда 1941-1945 жылдардағы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлова және Мәншүк Мәметова туралы сюжеттер, кино үзінділер көрсетілді.


Следующая →