ШҚО-да өрт қауіпті кезеңде 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстандағы өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Облыста шөп пен қоқыс өрті жиілеп тұр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Негізінен ашық аумақта, саяжайларда және жер үй секторында тіркелген. Құтқарушылар бұған азаматтардың абайсыздығы себеп екенін атауда.
Облыста өрттің алдын алу үшін 225 адамнан тұратын мобильді топтар құрылған. Олардың қатарына өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы органдар, полицейлер, орманшылар кіреді. Профилактикалық рейдтер кезеңінде мобильді топтар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін 7 азаматты жауапқа тартты. Оның алтауы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 410-бабы бойынша және бір адам 336-бабы бойынша, - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.