ШҚО әкімі Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады
ШҚО әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарға мерекелік құттықтауын жолдады
Бұл мереке басты құндылықтарымыз - бейбітшілік пен келісімнің, халықтар достығы мен елімізде тұратын әрбір ұлттардың дәстүрін, мәдениетін сақтау мен жаңғыртудың символына айналды.
Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барлық этностардың бірлігі, келісімі мен өзара түсіністігінің арқасында біз тәуелсіздікті нығайта алдық, әлемдік танымалдыққа ие болып, әлеуметтік-экономикалық дамуда озық табыстарға қол жеткіздік. Бұл, әрине, барлық қазақстандықтардың ортақ еңбегінің жарқын көрінісі. Қазақстанда тұратын барлық этностардың татулығы мен келісімі, достығы - біздің ең басты байлығымыз, барлық табыстарымыз бен қайта құруларымыздың негізі.
Еліміздің шығысында алғашқы Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы ашылып, басқа өңірлер үшін оң үлгі болғандығын атап өткен жөн. Осы айтулы күні Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт пен құт-береке тілеймін. Достығымыз артып, ұлтаралық татулығымыз нығая берсін! Мереке құтты болсын! - делінген құттықтауда.