Самар ауданына жаңа әкім тағайындалды
Самар ауданының әкімі қызметіне Махамбетов Нұрлан Мұхтарұлы тағайындалды
Самар ауданы былтыр ширек ғасырдан кейін Көкпекті ауданынан бөлініп, бөлек аудан болып қайта құрылған еді. Осылайша Көкпекті ауданы Абай ауданы құрамына еніп, ал Самар ауданы ШҚО құрамында қалды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Айта кетейік, осыған дейін Самар ауданы әкімі қызметін Раджан Сейтқанов атқарған болатын. Енді бұл қызметті Қостанай облысының тумасы Нұрлан Махамбетов атқаратын болады.
Нұрлан Мұхтарұлы 1965 жылы 25 қаңтарда Қостанай облысы, Ивановка ауылында дүниеге келген.
Жалпы еңбек өтілі 35 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі 31 жылдан астам:
- Еңбек жолын Нұрлан Мұхтарұлы 1982 жылдың тамыз айында Михайловка нан-қабылдау кәсіпорнында астық кептіру шеберінің көмекшісі болып бастады.
- 1983 жылдан 1985 жылға дейін КСРО Қарулы Күштерінде мерзімді қызмет атқарды.
- 1985 жылдан 1989 жылға дейін Қызыл Жұлдыз орденді Ленинград жоғары зениттік-зымырандық командалық училищесінде оқыды.
- 1989 жылдан 2019 жылға дейін Қарулы Күштерде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
- 2020 жылдың желтоқсанынан бастап, Серебрянск қаласы әкімінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.
- 2021 жылдың наурызынан бастап Серебрянск қаласының әкімі болып еңбек етті.