2025 жылға дейін ШҚО-да 476 мың ағаш отырғызылады
Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспары бекітілді
5 жыл ішінде 476,5 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл туралы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыс бойынша 277 мың ағаш отырғызылды, ал Өскемен қаласы бойынша-26 мың ағаш отырғызылды. Бұдан басқа, Жолдау шеңберінде облыстың 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспары әзірленді, бес жыл ішінде отырғызудың жалпы ауданы 15 мың гектарды құрайды, 76 млн-нан астам көшет отырғызылады, - деді Еламан Мұхтарханов.
Сондай-ақ, ол бүгінгі күні өңір жұртшылығының қатысуымен әзірленген 2020-2024 жылдарға арналған экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол картасын іске асыру жүріп жатқанын айтты.
ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын орындау мақсатында үш жылға перспективаға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.