Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ның 200-ге жуық ауылында бас жоспары жоқ

Шығыс Қазақстан облысындағы 363 елді мекеннің 192 ауылында әлі күнге дейін бас жоспары жоқ

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ның 200-ге жуық ауылында бас жоспары жоқ
Фото:
редакция мұрағатынан

Бас жоспары болмағасын бұл ауылдарда жер қатынастары, сәулет және құрылыс саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуде қиындық туып отыр.

ШҚО Жер қатынастары басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірдегі 171 ауылдың ғана бас жоспары дайын екен.

2022 жылғы 24 ақпанда облыс әкімдігінің қаулысымен елді мекендердің бас жоспарларын, даму және құрылыс сызбаларын әзірлеу және түзету жөніндегі жол картасы қабылданды. Соған сәйкес, 2025 жылға дейін 163 перспективті және маңызды елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу жоспарланған, - дейді басқарма басшысы Надежда Михейлис.

Бекітілген жол картасы бойынша биыл 46 ауылдың бас жоспарын әзірлеу міндеті тұр.

Қазіргі уақытта Өскемен және Зайсан қалаларының жаңартылған бас жоспары дайын, ал Риддер, Алтай, Серебрянск, Шемонаиха қалалары бойынша түзетулер енгізілуі қажет.

Следующая →