Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығысқазақстандық нейрохирургтер ми ісігін жоюдың тағы бір заманауи әдісін игерді

ШҚО-ның үш тұрғынының гипофиз және бас сүйегінің негізі ісіктеріне 3D эндоскопиялық жабдығының көмегімен ота жасалды

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығысқазақстандық нейрохирургтер ми ісігін жоюдың тағы бір заманауи әдісін игерді
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан

Жергілікті дәрігерлерге бұл тіліксіз, трансназальды тәсілмен заманауи отаны жасауға астанадан келген нейрохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Данияр Телтаев көмектесті.

3D режиміндегі жаңа модель диагностиканы бұған дейін мүмкін болмаған дәлдікпен жүргізуге ғана емес, сонымен қатар бүгінгі күні "аз инвазивті хирургия" ұғымымен тіпті қарапайым адамға да белгілі хирургиялық әдістерді қолдануға мүмкіндік береді. Тиімді тұсы - мониторингтегі бейнелеудің кең мүмкіндіктері, қан жоғалтудың болмауы. Мастер-класс барысында эндокриндік, неврологиялық патологиялары бар және көзінің көруі нашарлаған үш пациентке ота жасалды. Мұндай тәсіл пациенттерге осы медициналық көмекті өз аймағымызда көрсетуге мүмкіндік береді. Бұған дейін осындай операция тек Астана қаласындағы нейрохирургия орталығында енгізіліп, жүргізіліп келген, - деп атап өтті инновациялық медицина бөлімшесінің меңгерушісі Жандос Уап.

Қазір операция жасалған науқастардың жағдайы жақсы және таяуда үйлеріне шығады.

Шеберлік сабағының барысын Алматы, Павлодар, және Семей қалаларының нейрохирургтары да онлайн режимде бақылап отырғанын айта кеткен орынды.

Айта кетейік, МӘМС шеңберінде мұндай отаны жасаудың құны бір миллион теңгеден асады. Жоғары технологиялық медициналық көмек, сондай-ақ оның жекелеген түрлері МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесіне кіретінін еске саламыз. МӘМС жүйесінде сақтандырылған барлық пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызу тіркелген жері арқылы емхананың жолдамасы бойынша жүргізіледі.

Следующая →