Өскемендегі сұлулық салонының қызметін алған келіншек қайтыс болды
Өскемендегі сұлулық салондарының біріне көзіне блефаропластикалық ота жасатқан келіншек көз жұмды
Бұл ақпаратты Өскемен қалалық прокуратурасы да растады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Азаматша көзіне блефорапластикалық ота жасату үшін сұлулық салонына жүгінген. Алайда салон қызметкері медициналық және өзге де қызметті жүргізуге лицензиясы мен рұқсаты жоқ бола тұра ота жасаған. Біраз уақыттан кейін науқастың жадайы нашарлап, жан сақтау бөліміне түскен. Нәтижесінде ол есін жинамай қайтыс болған, - деп хабарлады Өскемен қалалық прокуратурасы.
Осыдан кейін16 сәуірде полиция қызметкерлері ҚР ҚК 322-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.