Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде әскерилер Президенттік көпсайыстан сынға түсті

Өскеменде Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерилер арасында Президенттік көпсайыстан жарыс өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде әскерилер Президенттік көпсайыстан сынға түсті
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен

Спартакиадаға ШҚО, Абай және Павлодар облыстарынан келген 7 бірдей команда, 40-қа жуық спортшы азара бақ сынасты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спартакиаданың спорттық бағдарламасы өте ауқымды әрі түрлі сайыстарға толы болды. Жалпы, Президенттік көпсайыс қымзеттік қолданыстағы өте күрделі спорт түрі екенін атап өту керек. Сайыс барысында қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөлінді.

Бұл жолы Президенттік көпсайыс спартакиадасы алғаш рет жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп өткізілді. Спортшы-жауынгерлер ұрыстық қарудан мергендіктерін сынап, еркін жүзуден және жақын әрі қашықтыққа жүгіруден өзара жүйріктерді анықтап, алыс қашықтыққа гараната лақтырудан мықтылар сарапқа түсті. Барлық қатысушылар өздерінің дене дайындықтары арқылы нағыз күрескерлік рухтарын көрсете білді, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының дене дайындығы және спорт бастығы подполковник Бауыржан Дарыбаев.

Чемпионат жеке біріншілігінде 30 жасқа дейінгі спортшылар арасында бас жүлдені Өскемен қаласындағы 6699 әскери бөлімінің спортшысы кіші сержант Ербол Сембай қанжығасына байласа, 35 жасқа дейінгі спортшылар арасында Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің капитаны Абылайхан Сағынтаев жеңіске лайық деп танылды.

Ал 40 жасқа дейінгі жауынгер-спортшылар арасында Павлодардағы 5512 әскери бөлімінің 3-сынып сержанты Таймас Асанбаев чемпион атанып, 40 жастан жоғары спортшылар арасында бақ сынасқан Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің 3-сынып сержанты Аман Бекмуханов кіл мықтылар арасынан чемпион деген атқа лайық деп танылды.

Командалық есепте Павлодарлық 5512 әскери бөлімінің құрама командасы 1-ші орынды жеңіп алса, Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің құрама командасы жүлделі 2-ші орынды иеленіп, Өскемендегі 6699 әскери бөлімінің құрама командасы 3-ші орынды иеленді. Жеңімпаздарға арнайы кубоктартар табысталып, грамоталармен марапатталды.


Следующая →