Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +34°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +31°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +26°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +27°
$
450.79
-0.59
482.21
-5.01
¥
62.14
-0.10
5.05
-0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да қазақ тілін ауылға барып үйренуге ниетті балалар бар

Биыл Шығыс Қазақстанда пилоттық негізде "қонақжай отбасы" форматында мемлекеттік тілді оқыту жобасы басталады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да қазақ тілін ауылға барып үйренуге ниетті балалар бар
Фото:
редакция мұрағатынан

Балалар қазақ тілін ерекше, бірақ өте тиімді форматта – тілдік ортаға толығымен еніп үйренеді. Белгілі болғандай, бүгінде 25 бала (Өскемен-12, Риддер-3, Шемонаиха-3, Глубокое -4, Алтай-3) алдын ала өтінім берген.

Сонымен қатар, балаларға өлкенің тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуге, қазақ халық аспаптарында ойнауға, жергілікті көрікті жерлер мен тарихи ескерткіштерге баруға мүмкіндік беретін бағдарлама дайындалды.

Аудан әкімдігі 20 мамырдан 1 шілдеге дейін жұмыс істейтін арнайы штаб құратын болады. Штабтың міндеті балалардың қонақ отбасында болған кезде қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ, жобаға осы ауылдарда тұратын педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатарынан еріктілер тартылатын болады.

Жобада белгілі бір тілдік білімі мен сөздік қоры бар 12 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатысады. Әрбір бала үшін қабылдаушы отбасына 180 мың теңгеден төленетін болады.

Балалардың алғашқы легі биыл жазда Катонқарағай ауданының қонақжай отбасыларына қоныстанады. Тұру үшін үш ауыл анықталды: Катонқарағай, Өрел және Берел.

Сонымен қатар, іс-қимыл алгоритмі дайындалды, оған сәйкес бұл отбасылар сәуір айының соңына дейін мұқият тексеруден өтеді. 12 мамырға дейін білім бөлімі, балалардың ата-аналары және қабылдаушы отбасылар арасында үш жақты шарттар жасалады.

Барлық балалар қонақ отбасыларына 10-30 маусым аралығында бір уақытта барады.

Айта кетейік, ШҚО Білім басқармасы жанынан колл-орталық құрылды, онда балаларды қонақжай отбасыларына жібергісі келетін ата-аналар толық ақпарат ала алады.


Следующая →