Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +20°
$
481.84
531.33
¥
68.66
5.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен гарнизоны жас сарбаздармен толықты

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің біріне 300-ден астам азамат Отан алдындағы борышын өтеуге келді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен гарнизоны жас сарбаздармен толықты
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Өскемен гарнизонына қарасты 27943 әскери бөлімі әскери борышын өтеуге келген жас сарбаздармен толықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп.

Әскер қатарында мерзімді қызметті өтеуге ниет білдірген жастар еліміздің түкпір-түкпірінен келген.

27943 әскери бөлімі жас сарбаздармен толығып жатыр. Әскери бөлімге келген сарбаздар ант қабылдаған соң әскери қызметші атанып, елін қорғау жолында қызметке түседі. Оларға тәжірибелі офицерлер мен сержанттар әскери қызметке бейімделуге көмектесіп, әскери мамандықтарға үйретеді. Жас сарбаздар саптық дайындықты, жауынгерлік қарудан оқ ату дағдыларын, сондай-ақ жауынгерлік әскери техникалар мен қару-жарақтарды қолдану тәсілдерін меңгеретін болады, - деді 27943 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Азамат Джумагазиев.

Отан алдындағы абыройлы қызметке өз еріктерімен келген сарбаздар қатарластарын да әскери міндетті өтеуден қашпауға шақырады.

Отан алдындағы борышымды өтеуге өз қалауыммен келдім. Әскери қызметтің машықтарын бір жыл ішінде меңгереміз деген сенімдемін. Отан алдындағы борышымды өтеуге тас-түйін дайынмын. Сарбаз тек офицерлердің пәрменін орындап қана қоймай, жан-жақты, саяси тұрғыдан сауатты, өзгелерге үлгі болуы тиіс, - деген пікірде жас сарбаз Нышанбек Ермахан.

Алдағы жоспарға сәйкес 27943 әскери бөлімі елдің 8 өңірінен келетін жас сарбаздармен толығады.

Следующая →