Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жылжымайтын мүлік желісі бойынша мемқызмет уақытша тоқтатылады

"Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" жаңа ақпарат жүйесіне көшетіндіктен ХҚКО-ларда бұл қызмет әзірге көрсетілмейді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жылжымайтын мүлік желісі бойынша мемқызмет уақытша тоқтатылады
Фото:
редакция мұрағатынан

Жылжымайтын мүлік желісі бойынша мемлекеттік қызметтер ШҚО тұрғындары үшін 2023 жылғы 26 сәуірден бастап 9 мамырға дейін қолжетімді болмайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚОФ баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп.

Яғни, ХҚКО-лар осы аралықта жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу және жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру саласында қызметтердің барлық түрлерін көрсетпейтінін хабарлайды. Қағаз жеткізгіштерде қызметтің орындалуы әрі құжаттарды жеткізу мерізімінің ұзақтығына байланысты ХҚО-ларда көрсетілетін қызметтерді қабылдау eGov.kz-тен бұрын тоқтатылады.

Айта кетейік, қызметке 26 сәуірге дейін тапсырыс берген азаматтар нәтижені көрсетілген мерзімде ала алады.

Сонымен қатар, биыл 2-9 мамыр аралығында eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау, нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз. Одан бөлек, көрсетілген кезеңде азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына байланысты қызметтерді пайдалана алмайды, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 5 сәуірінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойылды. Мемлекеттік корпорация жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметті көрсетуді автоматтандыру мақсатында "жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпарат жүйесін іске қосу жүріп жатыр. Ақпарат жүйесі екі дерекқордан алынған мәліметтерді қамтиды. Олар: "жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. Деректер базасынан барлық ақпаратты көшіру аяқталғаннан кейін олар жойылады.

Следующая →