Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО кардиохирургтары науқасқа он сағат бойы ота жасаған

Өскеменде кардиохирургтар көк тамыры қабыршықтанып, жарылуға шақ қалған ер адамды құтқарып қалды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО кардиохирургтары науқасқа он сағат бойы ота жасаған
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан

Пациент кардиологиядағы ең күрделі диагноздардың бірімен шұғыл түрде облыстық ауруханаға түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы ақпаратына сүйеніп.

Өзін көшеде жайсыз сезінген 51 жастағы ер адам инфрак деген күдікпен жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Алайда коронарография жасаған кезде инфаркт диагнозы расталмады. КТ зерттеуі пациентте аорта тамыры зақымданғанын анықтамады. Науқастың бүкіл көк тамыры жүрегінен жамбасына дейін зақымдалған, - делінген ақпаратта.

Мұндай патологияда әдетте көк тамыр сөзсіз жарылып кетеді де, соңы өлімге соқтыруы да мүмкін екен.

Науқас операция үстеліне жатқанда оның өмірі қыл үстінде тұрған еді. Кардиохирургтер Дастан Қадырбаев, Шыңғыс Балтабеков, анестезиолог Олжас Рахымғалиев және перфузиолог Әсет Нұрахатов он сағат бойы аяқтарынан тік тұрып, оның өмірі үшін күресті. Науқас жасанды жүрек айналымына қосылды, оның денесі Цельсия бағанасы бойынша 29 градусқа дейін салқындатылды. Ота барысында аортадан басқа, аорта клапаны зақымданғаны анықталды. Ол механикалық клапанмен алмастырылды. Дәрігерлер көк тамырдың барлығын дерлік жасанды тамырға ауыстырды. Оң жақ артериядан тромб (ұйып қалған кан) алынды, - делінген басқарма ұсынған ақпаратта.

Науқастың өмірі үшін күрескен хирургтар түнде кірген ота бөлмесінен таңғы 8-де шыққан.

Дәрігерлер мүмкін емес нәрсені жасады, - дейді ризашылық сезіммен науқас Болат Калиакперов. - Менің өмір сүруге мүмкіндігім өте аз болғанын білемін. Бірақ өзім үшін емес, жақындарым мен балаларым үшін алаңдадым. Осы аурухананың дәрігерлеріне, медбикелеріне, санитарларына алғысым шексіз!

Кардиохирург Дастан Қадырбаевтың айтуынша, операция жай ғана күрделі емес, ең жоғары деңгейлі аса күрделі ота еді.

Ота өте ауыр болды. Күрделіліктің жетінші деңгейі – бұл қазір кездесетін ең жоғары деңгей, - деп атап өтті Дастан Қадырбаев. - Өкінішке қарай, медицинаның барлық жетістіктеріне қарамастан мұндай патологиямен өлім көрсеткіші өте жоғары. Алайда біз бұл науқасты құтқара алдық.

Операциядан кейін екі апта өтті. Қазір науқас өзін жақсы сезінеді, дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайды. Мамандардың айтуынша, ары қарай ол оңалту орталығында ем қабылдауы керек.

Бір айта кетерлігі, науқас ауруханаға жедел түскендіктен оған жоғары технологиялы ота кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің аясында тегін жасалды. Ал ары қарай алатын ем-домы мен оңалту шаралары, азаматта сақтандырылған мәрбесі болғандықтан, МӘМС пакетінің шеңберінде ол да тегін көрсетіледі.


Следующая →