Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да өндіріс орындарында 23 рет жазатайым оқиға болған

Дегенмен статистика бойынша өңірде өндіріс орнындағы жарақат 25%-ға төмендеген

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да өндіріс орындарында 23 рет жазатайым оқиға болған
Фото:
depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылға дейін Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары жүзеге асырылуда. Осы мақсатта 12-ші сәуірде облыс прокуратурасының бастамасы бойынша облыс прокурорының төрағалығымен, облыс әкімінің бірінші орынбасары және уәкілетті мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қатысуымен "Тау-кен металлургия саласындағы өндірістегі қауіпсіздік (жарақаттану)" жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізілді. Кеңес қорытындысы еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттануды азайту және "Тау-кен металлургия саласындағы өндірістегі қауіпсіздік (жарақаттану)" жобасын іске асыру үшін мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер күш-жігерін біріктіру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

2023 жылдың басынан бастап жұмыс орындарында 11 кәсіпорында еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүзеге асырылып, онда 21 өндірістік объектілерді және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындары қамтылды. 25 кәсіпорын Visionzero нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына қосылды. 14 кәсіпорнында "Халықтық бақылау" жобасы енгізілді, онда денсаулық жағдайы бойынша қауіпсіз жұмыс жүргізуді бақылау және персоналды қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқыту бойынша жұмысқа ауыстырылған 64 адам жұмыс істейді. 10 кәсіпорын келісімшарттық қатынастар шеңберінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушіден мердігерге дейінгі бақылаудың сатылы моделін енгізді. 157 тексеру жүргізілді, 282 бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша - 177, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 82, халықты жұмыспен қамту бойынша – 23, 85 нұсқама беріліп, 10,1 миллион теңге сомасына 62 жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов.

2023 жылдың басынан бастап өндірісте 23 жазатайым оқиға орын алып, онда 24 адам зардап шекті, оның ішінде бір жағдай өліммен аяқталды, бір рет топтық жазатайым оқиға болды, онда 2 адам зардап шекті.

Басқарма мәліметінше, өндірістік жарақаттанудың жалпы деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға төмендеген. Ал жазатайым оқиғалардың негізгі себептері: зардап шегушінің абайсыздығы; жұмыс жүргізу алаңында еңбек етуге қолайлы жағдай жасалмауы.

Ал өндіріс салаларында зардап шеккендердің ең көп саны бюджеттік ұйымдарда – 6 адам, тау-кен металлургия өнеркәсібі ұйымдарында - 5 адам, құрылыста – 3 және ауыл шаруашылығында – 3 адам жарақат алған екен.

Следующая →