Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да биыл 200-ден астам көпбалалы отбасы баспаналы болады

Қазіргі таңда облыста жалпы көлемі 952 мың шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да биыл 200-ден астам көпбалалы отбасы баспаналы болады
Фото:
редакция мұрағатынан

Шығыс Қазақстанның инфрақұрылымдық даму бөлігінде тұрғын үй, әлеуметтік нысандар, инженерлік желілер мен жолдар құрылысының көлемін ұлғайту жұмыстары жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.

2023 жылы облыста 190 млрд теңгеге 952 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда, оның ішінде жеке инвестиция көлемі 150 млрд теңгеге 650 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй салынуда. Жыл қорытындысы 350 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беруілу керек.

Көпбалалы отбасылар үшін өткен жылы 3 млрд теңгеге 228 пәтер салынды. Ағымдағы жылы тағы 203 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 145 отбасы ауыл тұрғындары, олардың 93-і аз қамтылған отбасынан, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол мемлекет басшысының 2025 жылға қарай халықты орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындай отырып, осы жылдың соңына дейін 22,3 млрд теңгеге іске асырылып жатқан 24 жобаның 13-і енгізілетінін атап өтті. Ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту 95,4% құрап отыр, 2023 жылдың соңына дейін 97,1%- ға дейін ұлғаяды, - деді Даниал Ахметов.

Бұдан басқа, өңірді дамытудың өзекті бағыты ШҚО халқын сапалы интернетпен қамтамасыз ету болып қала береді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың 363 елді мекенінің 160-ы сапалы мобильді интернетпен қамтылған. Қалған 203 ауыл 2026 жылға дейін кезең-кезеңімен интернетпен қамтамасыз етіледі.

203 ауылдың 16-сында мобильді интернетке қолжетімділік биыл жергілікті бюджет шеңберінде 1,3 млрд теңгеге 19 антенна-мачталық құрылыс тұрғызу және ұялыбайланыс операторларының қолданыстағы лицензиялық міндеттемелерін орындау есебінен қамтамасыз етілетін болады. 70 ауылда қолжетімділік ұялы байланыс операторларының қолданыстағы лицензиялық міндеттемелерін орындау есебінен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 2023 жылы 63 ауылда, 2024 жылы 7 ауылда. Қалған 117 елді мекенді қамтамасыз ету 2025-2026 жылдар ішінде 2 бағыт бойынша жүргізілетін болады: 1 бағыт – ұялы байланыс операторларының қосымша лицензиялық міндеттемелеріне енгізужолымен 100 адамнан және одан жоғары саны бар 69 ауыл; 2 бағыт – 100 адамнан кем саны бар 48 ауыл, спутниктік трансмиссия арқылы және талшықты-оптикалық байланыс желілері, - деп түсіндірді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, өңірдің жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін өткен жылы 30 млрд теңге бағытталды, оның ішінде жолдарды жөндеуге 14,5 млрд теңге.

2023 жылы 10,3 млрд теңгеге 242 км және 11 млрд теңгеге елді мекендердегі 89 км көшелеріне орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар үлесінің көрсеткіші 92%-ға жетеді, - деді ШҚО әкімі.

Следующая →