Өскемен
ясно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +29°
  • Көкшетау
    +27°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +29°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +31°
$
464.72
496.32
¥
64
5.4
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да үздік отбасылар арасында байқау өтеді

ШҚО-дағы отбасылар әр түрлі номинациялар бойынша сайысқа түсетін болады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да үздік отбасылар арасында байқау өтеді
Фото:
depositphotos.com

Байқау қорытындысы Халықаралық отбасы күніне арналған "Отан отбасынан басталады" атты тбасылық форумда белгілі болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Байқауды "Тәуелсіз зерттеу орталығы" қоғамдық бірлестігі және "Қараша ұрпақтары" қоғамдық қоры Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша комиссиясы ұйымдастыруда. Мақсаты - отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау, қазіргі жас отбасылардың мәртебесін көтеру, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа әлеуметтік-белсенді, тұрақты-өнегелі, сапалы тәрбие беруге жағдай жасау, отбасылық салт-дәстүрлерді, туыстық байланыстарды қайта жаңғырту, дамыту және бекемдеу, жас отбасылардың қазіргі жағдайдағы белсенді әлеуметтік көзқарастарын қалыптастыру, отбасының бұзылуы мен әлеуметтік жетімдіктің пайда болуының алдын алуға ықпал ету.

Байқауға қатысуға ниет білдіруші отбасылар "Отбасы тарихы – өңір тарихы", "Еңбеккерлер әулеті", "Күміс той иелері", "Алтын той иелері", "Гауһар той иелері", "Ең жас көп балалы отбасы" (35 жас), "Мейірімді жүректі отбасы" номинациялары бойынша өтініш қалдыра алады.

Номинациялар бойынша қойылатын талаптар:

1) "Отбасы тарихы – өңір тарихы" - облысымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосып, заманымыздың каhарманын өсіріп-тәрбиелеген белгілі отбасылар.

2) "Еңбеккерлер әулеті" - үш ұрпаққа жалғасқан еңбеккерлер отбасы;

3)4)5) "Күміс той иелері", "Алтын той иелері", "Гауһар той иелері" - 25, 50, 60, 70 жыл отасқан үлгілі отбасы.

6) "Ең жас көпбалалы отбасы" - 5 және одан көп балалы, белгілі бір салаларда оң тәжірибесі мен жетістіктері бар ең жас отбасы (ата-анасының біреуінің жасы 35 жасқа дейін болу керек).

7) "Мейірімді жүректі отбасы" - жетім балаларды тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.

20 наурыз 20 сәуір аралығында байқауға қатысу үшін құжаттар қабылданса, 21 сәуірден 5 мамыр аралығында байқау комиссиясы ұсынылған жұмыстарды қарап, жеңімпаздарды анықтайды.

Қатысушы туралы мәліметті Zhanar_kab.vko@mail.ru e-mail-ге жіберу. Қосымша ақпаратты 87775193996 телефоны арқылы білуге болады.

Следующая →