Биыл "Бір қабатты Шығыс" бойынша мұғалімдер мен дәрігерлерге де үй беріледі
Шығыс Қазақстан облысында "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 316 үй салынбақ
Оның 71-і өткен жылдан бері жалғасып келе жатқан жобалар, 93-і ауылдық елді мекендерде, 152-сі қалаларда салынатын болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің мәлімдемесіне сүйеніп.
Алдыңғы жылдардағыдай, осы бағдарлама бойынша көпбалалы отбасыларға және халықтың осал топтарына, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі, бұл мәселе менің жеке бақылауымда, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Үйлердің сапасына, жақсы безендірілуіне ерекше назар аудару қажет, әкімдер мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасы өкілдерінің қолынсыз үйлерді пайдалануға қабылдамауы тиіс.
Аудандар бойынша: Зайсан ауданында 25 үй салынады; 14 - Күршім ауданында; 7 - Глубокое ауданында; 11 - Ұлан ауданында; 9 - Тарбағатай ауданында; 2 - Шемонаиха ауданында; 3 - Самар ауданында.
Мен білім және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдеріне ауылдық елді мекендер бөлінісінде осы салалардың мамандарына қажеттілікті талдауды тапсырдым, оларға да "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша тұрғын үй беріледі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 36 жаңа медициналық мекеме пайда болатын ауылдарда үйлер салатын боламыз, - деді аймақ басшысы.
Даниал Кенжетайұлы ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету мәселесін шешу жұмыстары жалғасып жатқанын да айтты. Биыл 73 елді мекенге тартылады, антенна-діңгек құрылыстарын орнатуға қаражат бөлінген.