Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да ҚР Президенті атынан ауызашар берілді

Халифа Алтай мешітінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан шығысқазақстандықтар үшін дастархан жайылып, ауызашар берілді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да ҚР Президенті атынан ауызашар берілді
Фото:
ШҚО АКҚ-дан

Бұл күні ел Президентінің атынан Қазақстанның барлық өңірлерінде ауызашар ұйымдастырылған болатын. Бұл ораза ұстаған барша ағайынға көрсетілген айрықша ықылас һәм құрмет.

ШҚО Халифа Алтай мешітінде Президент атынан берілген ауызашарда облыс әкімі Даниал Ахметов жиналған жандарға игі тілегін білдірді.

Руханият пен адамгершілікті ғылым мен біліммен ұштастыра отырып, біз этносаралық және конфессияаралық бірлік пен өзара түсіністікті нығайта аламыз. Баршамызды рухани жаңарып, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға шақыратын Рамазан айы құтты болсын! Қасиетті айда Сіздерге күш-жігер, ынтымақ пен мол табыс, зор денсаулық тілеймін! Еліміздің бірлігі мен ынтымағы арта берсін! Ораза қабыл болсын! - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Ауызашарға шақырылғандар мешіттегі ислам мәдениеті мұражайындағы (әзірге Қазақстандағы жалғыз) бірегей кітаптармен және қолжазбалармен танысты. Мұражай заманауи IT-технологиялармен жабдықталған.

Биыл бүкіл әлемдегі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 29 күнге созылады, 23 наурыздан 20 сәуірге дейін. Сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түні - Қадыр түні. 21 сәуірде Ораза айты басталады.


Следующая →