ШҚО ПД жалған ақпарат таратпауды ескертті
Пабликтерде Өскемендегі төбелеске қатысы бар жасөспірімдердің бірі өзіне қол салды деген ақпарат тарады
Осыған қатысты ШҚО ПД жауап берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Таратылған ақпаратқа байланысты Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті бұл дерек шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі ақпаратында. - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылықты көздейді.