Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды
7 сәуір – тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстанның 17 жауынгерін еске алу күні
Бүгін ҚР ҰҰ "Шығыс" Өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінде ерлік көрсеткен сарбаздарды еске алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл қанды оқиға 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында орын алды. Пешавар шатқалындағы шайқас 4 сағатқа созылды. 17 сарбаз моджахеттер қолынан қаза болды. Бұл бүкіл елдің қабырғасын қайыстырған қаза еді.
Сарбаздардың рухына тағзым етуге тәжік-ауған шекарасында өз әскери борыштарын өтеген батыр ардагерлер мен "Жас Бүркіт" кадеттер құрамы келді.
Запастағы капитан Д.Л. Шакиртов, запстағы аға лейтенант Е.И. Сатылганов, запастағы старшина А.Б. Тлешов, запастағы старшина Д.С. Елеусизов, запастағы сержант Н.Т. Ғаблылкаков, аға сержант Б.Ж. Кошкинбаевтар қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы әскери бөлімдерінде құрмет ардагерлер болып табылады және әскери бөлімінде және жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу сабақтарына белсенді қатысады.
ҚР ҰҰ "Шығыс" Өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рустем Акбалин тәжік-ауған шекарасында қызмет еткен ардагерлерді марапаттады.