ШҚО-да 128 кг астам марихуана тәркіленді
ШҚО ПД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында аса ірі мөлшерде есірткі затын өткізудің жолын кесті
Ағымдағы жылдың 29 наурызында Өскемен қаласының гараж кооперативтерінің бірінде 32 жастағы азамат ұсталып, оның өзімен және өзіне тиесілі гаражында сатуға арналған 128 кг-нан астам "марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Алынған есірткі құралдары 64 мың бір реттік дозаға тең
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағының 3-бөлігімен (өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сақтау) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген хабарламад. - Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.