Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ШҚО-да 30 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылады

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы департаментінің деректеріне сәйкес, 2022 жылы облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады (ҚР-да 4,9%)

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл ШҚО-да 30 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылады

Ал биыл Шығыс Қазақстан облысында жұмыспен қамту саласындағы барлық қолданыстағы жобалар есебінен 29,9 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ақпаратына сүйеніп.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Мемлекет басшысының 10 мың еңбекке қабілетті халыққа 100 жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде 11 мың 626 адамды қамту жоспарлануда, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде 5 286 адам жұмысқа орналасады, - деді басқарма басшысының орынбасары Динара Қожанова.

Ал 1 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде 6560 адам жұмысқа орналастырылған.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант мөлшері 400 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, биыл ол 1 млн 380 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жастар кәсіпкерлігін қолдау мен дамытудың жаңа тетігі – жастарға микрокредит беруді енгізді. Жастар қатарындағы үміткерлерге микрокредиттер мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып беріледі. Биыл бюджетпен 1 090 млн теңгеге 218 кредит беру көзделген. Өтінімдерді қабылдау мамыр айынан басталады, - деп қосты Динара Қожанова.

Одан өзге, облыста мүгедек жандарды қолдау жүйесін жетілдіру, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар аясында жүзеге асырылуда.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес техникалық оңалту құралдары мен қызметтерін дербес таңдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. 2023 жылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаждардың жалпы санынан мүгедектігі бар адамдардың 66%-ы қамтамасыз етілді. Биылға жоспар – 90%, аталған мақсатқа 1,7 млрд теңге бекітілді, - деді Динара Қожанова.

Сондай-ақ, облыста жүріп-тұруы қиын мүгедектерге тасымалдау қызметін қамтамасыз ететін "Инватакси" қызметінің 7 автомашинасы жұмыс істейді.

Следующая →