Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +20°
$
441.79
-0.01
478.77
-1.25
¥
61.02
-0.04
4.9
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қойылымды дәл сахнада отырып тамашалағыңыз келе ме?

ШҚО драма театрының актерлері өз көрерменімен бір сахнада қауышпақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Қойылымды дәл сахнада отырып тамашалағыңыз келе ме?
Фото:
ШҚО драма театрының баспасөз қызметінен

Ертең ШҚО драма театрында бұрын соңды болмаған форматтағы қойылымның тұсаукесері, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл жолы Жастар театры көрерменге француз комедиографы Жан Батист Мольердің "Еріксіз емші" көшпелі театр стиліндегі комедиясын ұсынады. Бұл қойылымға орын саны да, жас ерекшелігі де шектеулі. Қойылым 16 жастан асқан көрермендерге арналған. Небары 80 адам тамашалай алады. Себебі көрермен бұрынғыдай залда емес, сахнада отыратын болады. Сүйікті актерлеріңіздің өнерін дәл жанында отырып көріп, сезінесіз.

imgonline-com-ua-Resize-Aas0C9wrPruHfrL.jpg

Қойылым режиссерінің айтуынша, актерлер мен көрерменнің қойылым барысында бір сахнада отыруы Қазақстанда бұрын болмаған формат.

Кезінде 16-17-ші ғасырларда үлкен сахналармен қатар, көшпелі театрлар, көшпелі әртістер болған. Яғни, әртістер жиналмалы театрмен әр қаланы аралап апталап, айлап жатып күнде қойылымдарын қойған. Мен осы қойылымды осылай ерекшелігім келді. Бұнда көрермендер саны да шектеулі болады. Біздің театрда бұл формат бірінші рет қолданылып тұр. Тіпті, Қазақстанда да алғашқы болуымыз мүмкін, - дейді Жастар театрының қоюшы режиссері Абай Дәулетұлы.

Бұл тек көрермен үшін емес, актерлер үшін де таңсық құбылыс. Қойылым режиссері дайындықтың қиынға соққанын жасырмайды.


imgonline-com-ua-Resize-fTOTCl7WjC.jpg


Оқиға Сганарель есімді қарапайым ағаш кесуші туралы. Бас кейіпкер – Сганарель сауатты, көзі ашық азамат болғанымен, маскүнемдігі, қызқұмарлығы тағы бар. Әйелі Мартина күйеуінен кек алуға бел байлайды. Бірде Жеронт байдың «мылқау» қызына дәрігер іздеп жүрген екі адамды кездестіріп, оларды күйеуінің керемет емші екеніне сендіреді. Ел құлағы елу демекші, Сганарелдің дәрігер екені дүйім жұртқа мәлім болады. Өзіне жүктелген міндетті атқаруға кіріскен «еріксіз емші» өмірін қатерге тігіп, Леандр мен Люсинда атты екі жастың махаббатын емдеуі керек. Сганарель өз жұмысын мінсіз атқара ала ма?

Ендеше қызықтан қапы қалмаңыз. Премьера 1,2 сәуір күндері сағат 17.00-де. Барлық сұрақтар бойынша 8(778)459-27-57 нөміріне хабарласа аласыздар.


Следующая →