Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да қар жауып, бұрқасын болады деп күтіледі

Ертең облыстың кей өңірінде қатты жаңбыр жауса, түнде қар жаууы мүмкін

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да қар жауып, бұрқасын болады деп күтіледі
Фото:
depositphotos.com

"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша 30 наурызда күндіз облысынның солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Ал Өскемен қаласында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с дейін жетеді.

31 наурызда облыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жұма, сенбі күндері солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан да асады деп күтіледі.

31 наурызда түнде ауа температурасы -5-10ºС, облыстың солтүстік-шығысында -15ºС дейін төмендеуі күтіледі.

Қарлы бұрқасын мен қалың жауын-шашын кезінде жолдың көрінуі нашарлайды, көктайғақ болады, соған байланысты кептелістер, жол-көлік оқиғасы орны алуы мүмкін. Сол себепті сақтық шараларын қатаң сақтаған жөн.

Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындар елді мекендердің сыртына шығудан бас тартуы керек.

Следующая →