Өскеменде жер үсті өткелінің іші суға толды
Облыс орталығында Абай даңғылындағы жер үсті өткелінде құбырдан су ағып жатыр
Бүгін әлеуметтік желіде өскемендіктер Б. Александров атындағы Спорт сарайы ауданындағы жер үсті өтелінде құбырдан су толассыз ағып жатқан видеоны жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кадрлардан байқағанымыздай, өткелдің алдыңғы есігінде орналасқан құбырдан су атқылап жатыр. Бірінші қабатының еденіне су жайылған, аяқ алып жүру мүмкін емес.
Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімі жағдайдан хабардар екен.
Ақпарат қажетті шара қабылдау үшін мердігер ұйымға жолданды, - деп мәлімдеді мекемедегілер.