Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі әскери бөлімде сарбаздарға қаншалықты жағдай жасалған?

Сарбаздардың аналарынан құралған комитет өкілі әскери бөлімді аралады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі әскери бөлімде сарбаздарға қаншалықты жағдай жасалған?
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Комитет өкілі Наталья Косолапова "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінде болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ата-аналар комитетінің мүшесі Наталья Николаевна ең алдымен мерзімді қызметтегі сарбаздардың тұрмыстық жағдайын, сондай-ақ әскери қызметшілердің бос уақытында немен айналысатынын көрді. Әрине, сарбаздардың әскери күн тәртібін үйдегі өмірмен салыстыруға болмайды.

Ата-аналар Отан алдындағы борышын өтеп жүрген балалары үшін алаңдайтыны жасырын емес. Сондықтан біз бүгін әскери бөлімдегі казармаларды, асхананы, монша, кір жуу орындарын және әскери лазаретті араладық. Офицерлермен, сарбаздармен сөйлестік. Мұндағы сарбаздар үшін бар жағдай жасалғанына көзіміз жетті, - деді ата-аналар комитетінің өкілі Наталья Косолапова.

Азық-түлікті сақтау тәртібі де тексеріліп, медициналық персоналдың жұмысымен, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің медициналық көмекке жүгіну журналындағы жазбалары да көрсетілді.

Айта кеткен жөн, сарбаздардың аналары комитеті мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен ата-аналары арасында байланыс орнатып, әскери ортадағы туындаған қандай да бір мәселелерді уақтылы шешуге атсалысады.

Следующая →