Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде мерекелік концерт бүгіннен басталады

Бүгін республика алаңында сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін қала қонақтары үшін мерекелік концерт өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде мерекелік концерт бүгіннен басталады
Фото:
редакция мұрағатынан

Әз-Наурызға орай орталық алаңда киіз үйлер құрылып, мерекелік әрлеу жүргізілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

20 наурызда сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін Республика алаңының субұрқақ бөлігінде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің "Наурыз - бірлік мерекесі" атты концерттік бағдарлама өтеді, - деп хабарлады Өскемен қалалық әкімдігі.

Ал ертең, яғни 21 наурызда, республика алаңының субұрқақ бөлігінде сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін "Ертіс концерттің" мерекелік бағдарламасын тамашалуға болады.

22 наурызда кең ауқымды шаралар өткізіледі. Орталық алаңда концерттен бөлек, ересектер мен балаларға арналған түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады: караоке, балаларға арналған концерттік және ойын алаңы, әлем халықтары ойындарының алаңы, бауырсақ пати байқауы, спорт алаңдары, арқанмен жүрушілер шоуына арналған алаң, киіз үй қалашығы, рестораторларға арналған ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтетін алаң, спорт қалашығы (көңілді старттар, гір тастарын көтеру бойынша спорттық және халықтық ойындар, армрестлинг, "Қой көтеру", арқан тарту, "Асық ату" және "Қазақша күрес"), Зумба және фитнес джампинг алаңы, Лазер таг стратегиялық ойыны.

23 наурызда мерекелік шаралар сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін Республика алаңының субұрқақ бөлігінде жалғасады.

Следующая →