Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да перзентханада жатқан аналар өз таңдауын жасады

Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығында жатқан жас аналар №60 жабық сайлау учаскесінде дауыс беруде

Усть-Каменогорск и ВКО / Женщины из ЦмиР тоже проголосовали на выборах в ВКО
Фото:
Инфоцентр ВКО

Бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихат дептаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Саяси науқанда еліміздің әр тұрғыны өз таңдауын жасай алады. Шығысқазақстандық болашақ аналар да бұл науқаннан шет қалмады.

Мен жақында ғана төртінші баламды өмірге әкелдім. Бүгін 30 апталық сәбиіммен осы орталықта өз таңдауымызды жасадық. Еліміздің және балаларымның болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Еліміздің әр тұрғынының дауысы маңызды екенін білемін, - дейді Эльвира Раянова.

Сайлау күні қарсаңында өңірде 14 сәби, яғни 4 ұл, 10 қыз бала дүние есігін ашқан.

- Бізде сайлау жабық түрде өтіп жатыр. Яғни, орталықта жатқан болашақ аналар мен жас аналар дауыс беруде. Қазіргі сәтте бізде дауыс беретін 200-ге жуық әйел тіркелген. Өз жағдайларына қарамастан барлығы белсенді түрде келіп дауыс беруде. Жарты сағаттың ішінде 50-ден астам әйел дауыс беріп үлгерді, - дейді №60 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қазима Рахметова.

Следующая →