ШҚО сайлау учаскелері жұмысын бастады
Шығыс Қазақстан облысының сайлау учаскелері өз жұмысын бастады
ШҚО бойынша барлығы 533 сайлау учаскесі, оның ішінде азаматтарды тіркеу орны бойынша 501 сайлау учаскесі бар, деп хабарлайды УстинкаLIVE тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 19 наурызда Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде.
Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады. Сайлаушы жеке дауыс береді. Дауыс беру құқығын басқа адамға тапсыруға немесе басқа адам үшін дауыс беруге сайлауда жол берілмейді. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылар тізімі негізінде беріледі. Ол үшін жеке куәлікті ұсыну қажет. Дауыс беруші бюллетеньді сайлаушылар тізімінен алғанын растап қол қояды. Бюллетеньдер жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылады, кабинаға сайлаушыдан бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.