Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде Храпуновтың иелігіндегі жерлер мемлекетке қайтарылды

Өскемен қаласындағы біреулер заңсыз иемденіп алған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде Храпуновтың иелігіндегі жерлер мемлекетке қайтарылды
Фото:
Өскемен қаласы әкімдігінен

Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өз парақшасында жазды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Елімізде кейбір жер учаскелерінің заңсыз, кейде тіпті ашық қылмыстық жолмен жекенің қолына өтіп кетіп жатқаны жасырын емес.

Біз сол жер учаскелерінің барлығын қайтарғымыз келсе де, еліміздегі жеке меншік құқығы конституциямен бекітілген және оны елемеуге құқығымыз жоқ. Әйтпесе, біз құқықтық мемлекет деп аталмас едік, - дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар. - Жерлерді қайтару үшін әр жағдайда біз түрлі тәсілдерді қолданамыз. Егер учаскелер бұрынғы шенеуніктердің қадағаламауына немесе біліксіздігіне байланысты берілсе, жердің иесіне ымыралы шешім ұсынамыз.

Мысалы, соңғы жылдары Славский жағалауындағы үш учаске осылайша қайтарылды. Олардың екеуін иелері стандарттарға сәйкес келмейтін құрылыс үшін жоспарлаған екен.

Үшіншісі баршамызға белгілі "бекініс" - архитектуралық құрылымның астында орналасқан, оны біз сақтап қала алдық.

Бірақ кейде билік пен жерді иемдену бойынша бизнес өкілдері арасында ашық келісімнің болатыны анық. "AutoExclusiveKZ" ЖШС-ның ШҚО-ның бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың қылмыстық ісінде үлестес тұлға екені белгілі болғаннан кейін, әкімдік қалалық прокуратурамен бірлесіп, осы компанияға тиесілі қаладағы учаскелерді алу жөнінде шаралар қабылдады, - дейді Жақсылық Мұқашұлы.

Олардың үшеуі ескі ипподром ауданында орналасқан. Бас жоспар бойынша мұнда көп қабатты ғимараттар құрылысы қарастырылған. Енді осы жерде кезекте тұрған қалалықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалға берілетін көппәтерлі үйлердің құрылысын жобалауды бастаймыз.

Тағы бір учаске – Ертіс арқылы өтетін көпір мен амфитеатр ауданында. Бір таңқаларлығы, жеке меншіктегі аумақта азамат соғысы кезіндегі жаппай жерлеу орыны да бар екен. Бұрын айтқанымдай, мұнда Славский мен Пермитин арасындағы көпірдің астынан өтетін жол салу жоспарлануда (әрине, қабір мен ескерткіштің сақталуын ескере отырып).

Следующая →