Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен-Тарғын-Самар бағытындағы қозғалыс ашылды

Таудағы қарды түсіру үшін жарылыс жұмыстары жүргізілетіндіктен бүгін бұл тас жолмен жүруге тыйым салынған болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен-Тарғын-Самар бағытындағы қозғалыс ашылды
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 16.10-да Өскемен-Тарғын-Самар тас жолының 95-102 шақырымында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Осы орайда айта кетейік, қыс басталғалы бері облыста 89 рет профилактикалық қар көшкіні жүргізілген.

Соңғы күндері аймақта қатты жел тұрып, жауын-шашынды болып тұр. Қауіпсіздік мақсатында "Қазселденқорғау" ШҚОФ мамандары "Өскемен-Самар" бағыты бойынша өздігінен қар түсу қаупі бар автожолда 4 профилактикалық қар көшкінін жүргізді. Барлығы 5000 текше метр қар түсті.

Күннің жылынуы салдарынан қардың төменгі қабаты еріп, суға айнала бастағанда қар көшкіні жүру қаупі артады, - деп атап өтті "Қазселденқорғау"ШҚ филиалының мамандары.

ШҚО ТЖД бұл кезеңде азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Қолайсыз ауа райында таулы аймаққа бармаған жөн. Ауарайы туралы "Дармен"мобильді қосымшасынан білуге болатынын еске саламыз.


Следующая →