Өскемен
Қалың бұлтты
-1°
  • Өскемен
    -1°
  • Семей
    +3°
  • Алматы
    +21°
  • Риддер
    +11°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Ақтау
    +9°
  • Атырау
    +17°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +23°
  • Түркістан
    +26°
  • Орал
    +11°
  • Шымкент
    +24°
$
481.54
-0.99
553.24
-2.20
¥
69.69
-0.14
5.93
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде роталық-тактикалық топтардың оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде роталық-тактикалық топтарының оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде роталық-тактикалық топтардың оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Роталық-тактикалық топтардыӊ оқу-жаттығулары жауынгерлік даярлық жоспары бойынша Өскемен гарнизонының әскери оқу-жаттығу полигондарында күндізгі және түнгі уақыттарда өткізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE Өскемен гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаттығулардыӊ негізгі мақсаты – біріктірілген бөлімшелер мен құрамалардыӊ ортақ тапсырманы орындау кезеңдеріндегі үйлесімділігін және кәсіби шеберлігін бағалау. Жалпы жаттығу үш кезеңнен тұрады.

Алдымен оқу-жаттығуға қатысатын бөлімшелер дабыл бойынша көтеріледі. Екінші кезеңде арнайы әскери іс-қимылдарды жүргізуге дайындық жүргізіледі. Ал үшінші кезеңде заңсыз қарулы топтарды жою жүзеге асырылады. Үш кезеңнен тұратын жаттығуда бөлімше рота-тактикалық топ құрамында жұмыс жасауды меңгеріп, біріктірілген топты басқару кезінде командирлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ дұрыс шешім қабылдауды үйрену маңызды рөл атқарады.

Рота-тактикалық топтардыӊ құрамы өздеріне жүктелген тапсырмаға байланысты жасақталады. Соған орай олар бірігіп марш жасап, қорғаныс әдістерін пысықтап, басып алу амалдарын қарастырумен қоса, басқа да іс-қимылдарды пысықтайды, - деді бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Марат Бралинов.

Сондай-ақ, оқу-жаттығуды өткізу барысында жеке құрамныӊ ротаныӊ тірек пунктін инжинерлік жасақтауы, материалдық-техникалық қамтамасыз етуі сынды сынақтарды тапсыру қарастырылған.

Айта кетейік, көктемгі оқу-жаттығу наурыз айының соңына дейін жалғаспақ.


Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен
Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Өскемен гарнизоны Әскери оқу-жаттығу