Сарбаздар әскери борышын өз өңірінде өтеуге қала алады
Барлық аналарды "ұлының әскери борышын өзі туып-өскен аумағында өтеуіне бола ма?" деген сұрақ мазалайды
Қазақстан Республикасының Қорғаныс күштері мен өзге де әскери құрылымдарды азаматтарды әскерге шақыру арқылы жасақтау экстерриториалдық принциптер бойынша жүзеге асады. Яғни, жеке құрамды өзі тұратын елді мекендегі әскери бөлімдер мен құрылымдардан тыс аумақтан жасақтау.
Бірақ биыл мамыр айынан маусым айы аралығы және тек Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының экстерриториалдық принциптері өз облысының құзіретінде болады. Мысалы, Өскемен қаласынан шақырылатын болашақ сарбаз Семей және Павлодар қалаларында әскери борышын өтеуіне болады. Дәл солай Павлодар, Семей қалаларынан шақырылғандар Өскеменде 1 жылдық әскери міндетін атқаруға мүмкіндігі бар. Яғни, тек Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге бара алады, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы сапына әскерге шақырылу бойынша барлық сұрақтардың жауабын 87775417213 нөмірі арқылы білуге болады.