Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +17°
$
479.23
534.96
¥
68.35
5.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі әскери гарнизонда қыз-келіншектер де қызмет етеді

Өскемен қаласының Жаңа Согра кентіндегі 6699 әскери бөлімінде арнайы дайдықтан өткен тәжірибиелі, тәртіппен жауапкершілік жүгін ерлермен қатар көтере білетін 30-ға жуық қыз-келіншек еңбек етуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі әскери гарнизонда қыз-келіншектер де қызмет етеді

Солардың бірі - Мадина Бактыбаева. Өзіне артылған міндетті әрқашан тындырымды атқаратын әскери бөлім штабының аға маманы (жауапты орындаушысы) сержант Мадина Даулетқанқызының еңбегіне тек әскери бөлімнің қызметшілері ғана емес, қала тұрғындары да дән риза.

Мадина Бактыбаева Самар ауданы Самар ауылының тумасы. Дәулетқан мен Ақжарқынның шаңырағындағы тұңғыш перзент. Палатцы орта білім беретін мектепті аяқтаған соң 1997 жылы Өскемен қаласындағы Медициналық колледждің жалпы тәжірибелік медбике мамандығын үздік тәмамдаған.

ҰОС ардагері болған нағашы атасының тәрбиесін алған Мадина жас кезінен әскери қызметші болып, әскери форманы киіп жүруді армандаған. Сол арманына жету үшін 2001 жылы ақпан айынан бастап қаламыздағы 5518 әскери бөлімінен әскери қызмет жолын бастаған. Алғашқы лауазымы - атқыштар батальонының 4-атқыштар ротасында бақылау өткізу пункті сақшысы. Сол кезден-ақ жас маманның тұла бойына өнерпазға тән игі қасиеттерді дарығанын аға бастықтар байқаған болатын.

imgonline-com-ua-Resize-NyMTFTmwwf.jpg

2013 жылы 6699 әскери бөлімі құрылғаннан кейін Мадинаның жауаптылық қабілетін жете бағалаған әскери бөлім басшылығы тыл қызметінің маманы (іс жүргізушісі) лауазымына тағайындаған. 2017-2020 жылдары бөлініс бастығы (асхана бастығы) қызметін атқарған. Одан кейін осы уақытқа дейін әскери бөлім штабының аға маманы (жауапты орындаушысы) лауазымында лайықты еңбек етіп, саптық бөлімнің құжаттамаларын жетік меңгерген өз ісінің маманы.

Айта кеткен жөн, Мадина өзінің өмірлік серігін де осы қызметте жүріп тапқан. Әскери қызметші Оралбек Сеидқазыұлымен 2021 жылы отау құрып, бүгінде үш қыз тәрбиелеп отыр.



Следующая →